Елім менің еңселі
25 қазан-Республика күніне орай, Тараз қаласы ОККЖ- ның #5 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен » Елім менің еңселі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қонақтары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім » КММ-нің » Ғылыми-сараптамалық қолдау » бөлімінің жетекші сарапшысы Жазира Шілдебаева, «Шерхан Мұртаза» атындағы Руханият және Тарихтану орталығының қызметкері, облысымызға белгілі жас ақын Дидар Аббасов, «Тараз- Болашақ » жоғарғы медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел жас ақын Дидар Аббасовтың » Еліме арнау» әнімен басталып, мекемеміздің жетекші сарапшысы Ж.Шілдебаева студенттерге Республика күнінің тарихы жайлы, Қазақстан көп ұлтты мемлекет және барлығымыздың ортақ үйіміз тәуелсіз Қазақстан, ал ортақ мақсатымыз елімізде бейбітшілік пен келісім -екендігін туралы айтып өтті. Іс-шара » Тәуелсіз елім-Қазақстан» атты кітап көрмесімен жалғасып, колледж студенттері Туған жер туралы өлеңдерін оқыды, жиын соңында қатысушылар естелікке суретке түсті.ҚХА «Ғылыми – сараптамалық» тобының сарапшысы, Жазира Шілдебаева