ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2023 жылдың 18 шілдесінде «Қоғамдық келісім» КММ-де Облыс әкімі аппаратының басшысы, өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Мәди Мейірбекұлы Мәтен аймақтық ҚХА кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Жиынның модераторы- ​ өңірлік ҚХА мүшесі және ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары – Ғұлам Умаров болды.

Ең алдымен қатысушылар М. Мәтеннің өмірбаянымен таныстырылды.

Бұдан соң, Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева этномәдени бірлестік жетекшілерінің ақпараттық-түсіндіру және қоғамдық келісім жұмыстарындағы белсенділік туралы және Достық үйінің түйткілді мәселелері жайлы кеңінен айтып берді.

Іс-шара бейресми, еркін форматта өткізілді.

Кездесу барысында өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарлары – Ғұлам Умаров пен Асқарбек Сейлханов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы Абдрахман Зайнутдинов, Жамбыл облыстық «Шиват-цион» Еврейлер мәдени орталығының төрайымы Людмила Корнилина және «Қазақстан Татарлары мен Башқұрттары конгресі»  республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Фарида Нақыш сөз сөйледі.

Сонымен бірге, өңірлік «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Айгүл Кәбиқызы, өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің жетекші Хамида Тұрдыева бірлестіктердің жұмысы жайлы ақпарат беріп, пікір, ұсыныстарын білдірді.

Қатысушылар ҚХА мен этномәдени бірлестіктер жұмысының өзекті және перспективалы бағыттарын, жастармен жұмыс, мемлекеттік тілді үйрену, еріктілік туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында қатысушылар қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар алды.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі