СЕССИЯ ДЕЛЕГАТТАРЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КЕҢ АУҚЫМДА ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін, 2023 жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында “Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму” атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының бірінші күні ойдағыдай өтті.

“Назарбаев Университеті” ғимаратында сессия делегаттары мен сарапшылардың қатысуымен секциялық пікірталас алаңдары қызу жұмыс істеді.

Спикерлер қатарында-ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев, Қазақстанның шешендері мен ингуштары қауымдастығының төрағасы Ахмед Мурадов, Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау болды.

Құнды пікірлерін ортаға салу барысында сессия спикерлерімен қазақстандық патриотизм, жастарды тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер, Қазақстан этностарының дәстүрлері мен мәдениетін зерделеу сияқты өзекті мәселелерге аса назар аударылып, секция жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді.

Ерекше атап өту кету керек, этносаясаттың өңірлік аспектілері бойынша спикерлер қатарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаев та сөз сөйледі. Ол өз сөзінде біздің өңірде кеңінен іске асырылып келе жатқан “Бейбітшілік пен келісім” жобасы туралы жиын алдында сөз сөйлеп , аталмыш жобаның жемісті және нәтижелі түрде орындалу тәжірибесімен бөлісті.

“Қоғамдық келісім” КММ “Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс” бөлімі

#ҚХАныңХХХІІсессиясы