Егемен еліміз жасай берсін!
Бүгінгі күн — бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні. Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!
Тәуелсіздік ел тағдырының таразысына салса бәрінен құнды, бәрінен салмақты, бәрінен биік олжамыз. Оңай уысқа түспеді. Қанша қан төгілді, қанша жан берілді. Оның жемісі бүгінгі азаттықтың ашық аспанының астындағы алаңсыз өміріміз.
Егемен еліміз жасай берсін!
«Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы — Айша Идыбо