ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

 

Құрметті Отандастар, жерлестер!

Сіздерді, өңірлік ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылымдары, облыс әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ атынан ел егемендігі заңды қабылданған айтулы датамен шын жүректен құттықтаймыз.

16 желтоқсан — ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тарихқа көз жіберетін болсақ, 1986 жылдың желтоқсаны алаңға шыққан жастардың ерік-жігерінің арқасында егемендік алған елдің бейбітшілігі салтанат құрған сәулелі уақыты.

Тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың қолы жетпеген сайын асылға айналған, орындалмаған арманы еді. Біз, ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған, халқы қайғы-қасіретке қарамастан уақыт сынына қасқайып тұра білген қайратты мемлекетпіз.

Азап пен төзімнің өтеуі, халықты сан ғасырлар бойы зарықтырған заманның жауабы, қанына сіңген еркіндікті аңсаған ата-бабаның орындалған орны бөлек арманы. Бүгінде егеменді ел ретінде танылғанымызға отыз жылдан асып отыр.

Біз үшін қастерлі де қадірлі саналатын Тәуелсіздіктің тұрақты болуының бір көрінісі 140-тан астам ұлт пен ұлыстың бүгінгідей алмағайып уақытта тонның ішкі бауындай ымыралы өмір сүруінде. Себебі, бірліктің берекеге бастайтыны баршамызға мәлім.

Ендігісі Егемен еліміздің басына қонған бағы баянды болса екен деген ыстық тілек. Бұл жолда еліміздің әрбір азаматы мен азаматшаларына қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев айтқандай ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек тілейміз.

Ел мерейі үстем боп, азаттықтың ақ туы көгімізде мәңгі желбіресін!

 

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Мүбәрак Қасымқызы Жинақбаева

бастаған ұжым