Қандай қиындық болмасын ел болып еңсеріп келеміз.
Қандай қиындық болмасын ел болып еңсеріп келеміз. Талай нәубетке төзген, бірлігі жарасқан еліміз бұл қиындықты да бірге жеңеді. Дана қазақ халқында төртеу түгел болса төбедегі келеді деген жақсы сөз бар. Ең бастысы әрекет. Әрекет барда берекет болары хақ.
Бүгін мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Соңғы сексен жылдан кейін орын алып отырған апатқа қатысты зардап шеккен әрбір адамды мемлекет ескерусіз қалдырмайтынын, қаржылай тағы басқа да көмектердің берілетінін айтты. Материалдық шығындардың орны толтырылатынын жеткізді. Мұндай апаттан сабақ алатынымызды және алдын алу шаралары барысында кеткен кемшіліктерді түзетіп, көп мәселені реттеу керектігін айтты.
Осы тұста Президентіміздің ел басына күн туған қандай жағдайда да етігімен су кешіп қара халықтың ортасында жүретініне ерекше разы болам. Бұл елім деген ердің ісі емес пе? Оқиға орын алған сәттен халықпен бірге жүр.
Қандай жағдай да халықтың бірлігі жеңіске жеткізеді.
Танзиля Апаева, республикалық «Бірлік» Қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің Жамбыл облысындағы “Архыз” филиалының мүшесі, дәрігер