Құрметті қазақстандықтар, Жамбыл облысының тұрғындары, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл барлықтарыңызға тек жақсылық әкелсін, ал қиыншылықтар сіздерді айналып өтсін! Осы жарқын мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, күш-қуат, мықты ерік-жігер тілей отырып, одан әрі өркендеу, жетістіктер мен табыстар тілеймін! 2022 жыл әрқайсымыз үшін жоспарлар мен тың идеяларды жүзеге асырудың, барлық үміттердің ақталып және тілек-армандардың орындалар құт, береке, бақыт жылы болсын! Жанымызға жақын және қымбат адамдар, адал да, сенімді достар әрқашан жанымыздан табылсын!
Ең бастысы — келіп қалған Жаңа жылымыз Еліміз үшін жанға жайлы тыныш болғай, бейбітшілігіміз тұрақты, мәңгі болсын!
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім»КММ басшысы
Парида Иманжанқызы Мамедова
Құрметті қазақстандықтар мен жамбылдықтар!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір шаңырақтың төрінен орын алатын Жаңа 2022 жыл барлықтарыңызға ерекше жақсылықтың жылы болып енсін есігіңізден! Бұрыннан дәстүрлі түрде мерекеленіп келе жатқан бұл мейрам әрбір адамның санасында таңғажайып ертегі әлеміндей сақталып келе жатқаны рас. Ең бастысы — балалар үшін өз кереметі бар қыстық, қуанышты мейрам.
Ендеше, атаулы мейрам болашағымыз — балалардың көтеріңкі көңіл-күйін сақтап, үй-іштеріңіз бен шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, мол табыс әкелсін! Еңбек жолдарыңызға толағай табыстар, тың идеялар, шығармашылық шабыт-шарықтаулар тілей отырып, еліміз аман — бейбітшілікті, жұртымыз тыныш — келісімді болса екен деп тілеймін. Жер жүзіне тек тыныштық пен бақыт әкелсін бұл — Жаңа жыл!!
Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Абдрахманқызы Турдыева
Уважаемые казахстанцы! Поздравляю Вас всех с Новым годом! И хочется всем пожелать, чтобы в наступающем году с нами произошло то самое чудо, о котором мы все так мечтаем. Хоть у каждого оно свое, но оно обязательно самое необходимое и самое важное. Желаю, чтобы все мы были живы и здоровы, чтобы занимались тем, что приносит нам удовольствие. Желаю достигать новых вершин и самореализовываться, побольше моментов, которые перейдут в приятные воспоминания!
Представитель областного Дунганского
этнокультурного объединения,
директор 34-школы города
Тараз — Динара Хатамовна Нуралиева