2022 жылдың 18 тамызында Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының меценаттары қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп «Бар жақсылық балалар үшін » атты қайырымдылық акциясын өткізді

2022 жылдың  18 тамызында Тараз қалалық  Өзбек мәдени орталығының меценаттары қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп «Бар жақсылық балалар үшін » атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Акция аясында қала мен ауданнан аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға балмұздақ таратылды. Бұған қоса, қалалық Өзбек мәдени орталығының өкілдері Руслан Исаев пен Паттохберді Тәліпов мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетті.

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтіп, «Құрметті ардагер» төсбелгісіне Наби Салапхутдинов пен Худаберген Талипов ие болды. Сонымен қатар, Паттохберді Талипов қалалық ардагерлер кеңесінің алғыс хатымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы